Бүгін, 7 мамырда, Ватикандағы Апостол сарайының Сикст капелласында жаңа Рим Папасын сайлау мақсатында конклав басталды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Алдымен мұнда Pro eligendo Pontifice мессасы өткізілді. Одан кейін кардиналдар Сикст капелласына жиналып, олардың қайсысы жаңа Папа болуға лайық екенін анықтау үшін дауыс береді. Жалпы конклавқа 133 кардинал қатысуда. Католик шіркеуінің жаңа басшысы болу үшін үміткер сайлаушылардың 3/2 бөлігінің дауысын алуы тиіс.
Дауыс беру алдында кардиналдар дауыс беру құпиясын сақтау туралы ант береді. Конклав кезінде олар сыртқы әлемнен толықтай оқшауланады. Қатысушылардан телефондар алынып, газет оқуға, теледидар көруге тыйым салынады. Бұл – қоғамның және өзге де ықпал етуші факторлардың әсерінен шешімді қорғау үшін жасалады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру