Танымал теннисшілерге әлеуметтік желіде әкімдік аккаунтынан тіл тигізілді

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова «Диапазон» басылымына берген сұхбатында өзі мен жігіті Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ресми Instagram-аккаунтынан тіл тигізуге ұшырағанын айтты.

– Менің жігітім – әлемдік рейтингте 402-орында тұрған кәсіби теннисші. Матчтан кейін ол әкімдік өкілі тарапынан, олардың ресми парақшасынан қорлау сөздер естіді. Сол адам маған да – Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі, Жазғы Азия ойындарының қатысушысы ретінде тіл тигізді. Кейін бұл адам аккаунт бұзылды деп ақталуға тырысты, бірақ оның алдында да, кейін де парақшада посттар жарияланып тұрды, – деп ашуланды спортшы.

Оның пікірінше, бұл адам – олардың ойынына сәтсіз ставка қойған құмар ойыншы.

Ол дәлел ретінде әкімдік парақшасымен жазысқан хаттарының скриншоттарымен бөлісті. «Шваль тупорылая» және «мразь поганая» – ең жұмсақ айтылған сөздер екен.

Әкімдік бұл жағдайды аккаунттың бұзылуымен түсіндірді.

– Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ресми Instagram парақшасы белгісіз тұлғалар тарапынан бұзылды. Соның салдарынан теннисші Аружан Сағандықова мен басқа да адамдардың жеке аккаунттарына хабарламалар жіберілген. Аудан әкімдігі Аружан Сағандықова мен басқа да зардап шеккендерден кешірім сұрайды. Болашақта мұндай жағдайдың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдап жатырмыз, – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Газета Диапазон Актобе (@gazeta_diapazon)