«Бір жігітім 3 млн берген»: Сүрені рэпше оқыған блогер қымбат сыйлықтарымен мақтанды (ВИДЕО)

Фото: жеке парақшасынан

Juzzefina атымен көпшілікке танылған блогер өзін ұнатқан жігіттердің оған қымбат сыйлықтар мен миллиондап ақша бергенін ашық айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Ең қымбат сыйлығым – Умра қажылығына жолдама болды. Сосын бір жігітім маған «собольдан» жасалған тон ал деп 3 млн теңге берді. Басқа бір жігітім көлік дөңгелегін сыйлады, ал тағы біреуі «мен хабарласқанда, үнемі жауап берші» деп Apple сағатын сыйлады”, — дейді ол.

Алайда блогер бұрынғы өмір салтын өзгерткенін мойындады.

«Ол жылдары мен кәдімгідей көрсеқызар болатынмын. Ал қазір жігіттің ақшасы, дүниесі қызықтырмайды. Қазір маған тек ақылы бар жігіттер ұнайды”, — деді ол.

@juzzefina24♬ оригинальный звук — Juzzefina24