Таиландта жолаушылар ұшағы теңізге құлап, бес адам қаза тапты

Kaz.inform.kz

Bangkok Post-тың айтуынша Әуе апаты жұма күні таңертең Хуахин әуежайының маңында болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты kaz.inform.kz порталына сілтемемен.

Ұшақ апатынан үш ұшқышты қосқанда бес адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Хабарланғандай, ұшақ Сиам шығанағында, Петчабури провинциясындағы Baby Grande Hua Hin қонақүйінің маңында құлаған.

DHC-6-400 Twin Otter ұшағының бортында үш ұшқыш, екі механик және бір әуе инженері болған. Механиктердің бірі із-түзсіз жоғалып, оны іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Апаттың себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін АҚШ-тың Иллинойс штатында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тапқаны хабарланған еді.