ҰҚК Мақсұт Исаховтың ұсталуы туралы тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.
2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Комитет аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейтінін жеткізді.
ПІКІР ЖАЗУ