"Сүйемін деуге қалай дәті барды?": Тұрсынбектің ескі видеосы көпті шулатты (ВИДЕО)

"Сүйемін деуге қалай дәті барды?": Тұрсынбектің ескі видеосы көпті шулатты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың экс-жұбайы Мөлдір Мұқановаға сезімін білдірген ескі видео тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Бейнежазбада танымал әзілкештің:

— «Мен сені жақсы көремін, мен сені сүйемін. Бұл — қайталанбас кеш», — деп айтқаны анық естіледі.

Ал жанында отырған Мөлдірдің көзіне жас алған сәті көпшілікті толқытты.

Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр:

«Мөлдір үшін ауыр сәт», «Неге дәл қазір шықты?», «Өткенді қазбау керек», «Бұл екеуінің тарихы бөлек еді...», «Қалай ұялмай сүйемін деді екен?», - деп жазды оқырмандар. 

Қалай болғанда да, бұл видео жұртты тағы да екіге бөліп, Тұрсынбек пен Мөлдірдің қарым-қатынасы қайтадан басты трендке айналды.

Все новости