«Не үшін создыңыздар?»: Әділетхан Молдахан 2 айға қамауға алынды

«Не үшін создыңыздар?»: Әділетхан Молдахан 2 айға қамауға алынды

Алматыда жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұсталған блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл туралы оның ағасы Дәулетхан Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Не үшін қамалуын 2 айға создыңыздар?» - деп жазды ол.

Еске салайық, Әділетхан Молдахан 30 наурыз күні Алматыда болған жол-көлік оқиғасына қатысты түрлі ақпарат таратқаннан кейін ұсталған еді. Алғашында оған қатысты көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдікпен 10 тәулікке қамауға алу шарасы қолданылған.

Кейін сот шешімімен оның қамауда болу мерзімі екі айға ұзартылды.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде заңгердің ісіне қатысты түрлі пікірлер айтылып, қоғамда талқылау туындаған болатын.

Все новости