«Жеке өмірімді көрсетпеймін»: Қайрат Түнтековтің ашық мәлімдемесі

«Жеке өмірімді көрсетпеймін»: Қайрат Түнтековтің ашық мәлімдемесі

Әнші Қайрат Түнтеков алғаш рет жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды бөлісті деп жазды ozgeris.info сайты.

Өнер иесі 1001 түн бағдарламасына берген сұхбатында отбасы тақырыбына қатысты ойын ашық жеткізген.

Әншінің айтуынша, ол жеке өмірін жария етпеуді әдейі таңдаған. Мұндай шешім қабылдауына басты себеп — тіл-көзден сақтану.

Сонымен қатар ол мұндай жағдайды өз басынан өткергенін де жасырмады.

«Отбасымды көпшілікке көрсеткім келмейді. Себебі тіл-көз тиюге сенемін. Өзім де сондай жағдайға тап болдым. Бір кезде тіпті орнымнан тұра алмай, келесі күні жүруге шамам келмеген кездер болды», — деді әнші.

Сұхбат барысында Қайрат Түнтеков жеке өмірін ел назарынан тыс ұстау — саналы түрде қабылдаған шешімі екенін атап өтті.

Все новости