Жамбыл облысында келін енесінің атына заңсыз несие рәсімдегені үшін сотталды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылдың қараша айында болған. Күдікті өз атына несие ала алмаған соң, оны енесінің атына рәсімдеуге шешім қабылдаған. Осы мақсатта ол белгісіз адамға жүгініп, енесі келісім бергендей жалған мәлімет ұсынған.
Сондай-ақ, әйел енесінің телефонын пайдаланып, SMS арқылы келген кодты енгізіп, онлайн-вeрификациядан өткен. Нәтижесінде жәбірленушінің атына 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімделген. Алынған қаражаттың басым бөлігін өзі жұмсаған.
Жәбірленуші бұл жағдай туралы тек төлем жасау жөніндегі хабарламалар түсе бастағанда ғана білген.
Сот отырысы барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Мемлекеттік айыптаушы оған бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда сот айыпталушының кінәсін мойындауы, өкініш білдіруі және кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескеріп, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады