Бұл туралы Қазақстанның премьер-министрі Digital Almaty 2025: «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» халықаралық сандық форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Олжас Бектенов озық әлемдік тәжірибеге сілтеме жасап, қазіргі кезде технологиялық инфрақұрылымды, әсіресе есептеу қуаттарын экспорттау ережелерін қатаңдату және олардың құнын арттыру ескеріле отырып, жай ғана ұлғайту орынсыз екенін атап өтті.
«Біз Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган — Жасанды интеллект комитетін құрдық, тиісті тұжырымдаманы бекіттік, ол жасанды интеллект ұлттық стратегиясын әзірлеудің бастапқы нүктесіне айналды. Инновацияларды дамыту үшін құқықтық негіз құруға бағытталған жасанды интеллект туралы заң жобасы әзірленді», — деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ