Бүгін Қазақстанда доллар сатып алу керек пе: сарапшының ойы

фото: pixabay

Сарапшылардың пікірінше, доллар сатып алу орынды, бірақ оны ақылмен, түрлі факторларды ескере отырып жасау қажет. Оған Трамптың саясаты, доллар индексі, рубльдің бағамы, мұнай нарығындағы құбылмалылық және басқа да аспектілер кіреді.

Қаржы компаниясының сарапшысы Арсен Темірбаев валютаны инвестициялау кезінде қаржылық мақсаттарды ескеруге кеңес береді.

«Жоғары инфляция мен алдағы айларда теңгенің әлсіреу ықтималдығын ескере отырып, доллар сатып алу жинақты сақтау үшін ақталған шара болуы мүмкін. Дегенмен барлық қаражатты бір валютаға салуға болмайды. Ең дұрыс шешім – активтерді әртараптандыру, оның ішінде еуро, алтын және басқа да құралдарды қосу», – дейді сарапшы.