Павлодардағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде әйел дәрет сындырған

Павлодардағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде әйел дәрет сындырған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Чайковский көшесінде орналасқан пәтер иесінен арыз келіп түскен. Ол лифтіде қажетін өтеген әйелге шара қабылдауды сұраған.

Құқық бұзушының кім екенін анықтадық. Ол – 32 жастағы павлодарлық. Досының үйіне қонаққа келген. Ұсақ бұзақылық жасаған әйелдің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды, — деді Павлодар қаласы ПД Оңтүстік полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Ержан Тыналинов.

Құқық бұзған әйелдің ісі сотта қаралды. Соттың үкімімен қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге 15 АЕК (55 380 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлемінде айыппұл салынды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец