Орынборда төтенше жағдай жарияланды. Қала тұрғындарын тез арада қауіпсіз елді мекендерге көшулерін сұрады.
«Сағат 19.00-де қалада сирена естілді. Бұл оқу дабылы емес. Бұл Орынбордағы су тасқыны жағдайының өте қауіпті екендігінің белгісі. Оралдағы су деңгейі 914 см-ге дейін күрт көтерілді, 930 деңгейінде жаңа аумақтар су басады. Жағдай өте қауіпті, су өте тез келуі мүмкін. Қазірдің өзінде су басқан аумақтардан басқа, су жаңаларына келеді!
Мен Гранд-парк ТК, Солнечный кентінің және Куйбышев атындағы кенттің тұрғындарына, қаланың оңтүстік бөлігіндегі Заречный шағын ауданының сыртындағы СНТ тұрғындарына жүгінемін. Уақытты жоғалтпаңыздар. Балаларды, қарттарды және мүгедектерді, жануарларды судың келуін күтпестен үйлерден шығарған дұрыс. Дәл қазір құжаттар мен құнды заттарды жинау керек. Заттар мен техниканы еденнен — шкафтарға, шатырларға көтеріңіз. Су тасқыны аймағынан көліктерді алып кетіңіз. Ескертуге байыпты қараңыз. Алдағы сағаттарда шұғыл эвакуация жариялануы мүмкін!» ,- деп Орынбор әкімдігі Сергей Салмин жергілікті тұрғындарға сөз жолдады.
ПІКІР ЖАЗУ