Оралда полиция қызметкері өз әріптесіне айыппұл жазды

Фото: turaninfo.kz

Оралда көлік жүргізушісі полицейлерді өз әріптестеріне хаттама толтыруға мәжбүр етті

Halyqstan тілшісінің хабарлауынша, бұл қызықты оқиға түсірілген бейнежазба жергілікті пабликтердің бірінде пайда болды.

Видео авторының айтуынша, полицейлер оның көлігін тоқтатып, алдыңғы әйнектегі жарыққа байланысты айыппұлға хаттама толтырмақ болған.

Алайда жүргізуші өзіне айыппұл жазбақ болған патрульдік көліктің де алдыңғы әйнегінде жарық барын байқап қалған.

Ойланып жатпастан, ол трассаға полиция шақырды. Нәтижесінде жол жиегінде үш көлік жиналды: азаматтық автокөлік, оны тоқтатқан полицейлердің патрульдік көлігі және олардың тәртіп бұзушылығын тіркеуге келген тағы бір полиция көлігі.

– Қызметкер қызметкер Үтегеновке хаттама толтырып жатыр… – дейді жүргізуші кадр сыртында. – Умаров Марат Үтегеновке хаттама толтыруда. Мына патрульдік көлік мына патрульдік көлікке хаттама толтыру үшін келді…

Көп ұзамай оларға тағы бір патрульдік көлік қосылды.

– Маған айыппұл жазу үшін үш патрульдік көлік келді. Көзге – көз! Өзіме өзім сене алар емеспін! – дейді жүргізуші.

Айта кету керек, тәртіп бұзған полицейлердің көлігін эвакуатор алып кетті.

Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты әлі пікір білдірген жоқ.