Тележүргізуші Дана Нұржігіт екінші некесі сәтсіз аяқталғаннан кейін ажырасу процесінде өзін қорғаған адвокатты көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды ozgeris.info
«Қайырлы таң, қымбатты оқырмандарым! Таныс болыңыздар! Бұл – адвокат Карпеева Арайлым Қамбарқызы. Астана қаласының адвокаттар алқасының мүшесі, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді қатар жүргізе білетін жоғары білікті маман. Ол 10 ай бойы менің адал атым үшін және отбасым үшін күрескен. Сонымен қатар, ол Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің ұстазы. Өткен тікелей эфирлерде волонтерлық бастама көтеріп, сіздерден келген сұрақтарға адвокаттар жауап береді деп айтқан болатынмын. Бүгінгі тақырып: «СТАЛКИНГ, КИБЕР-СТАЛКИНГ». Егер сізге белгісіз бір адам ізіңізден түсіп, сіз туралы ақпарат жинап, жолыңызды торуылдап, әлеуметтік желіде немесе off-line өміріңізді бақылап, мазаңызды алып жатса, бұл – сталкинг! Осыдан қалай қорғануға болады? Міне, осы сұраққа Арайлым Қамбарқызы менің парақшамда өтетін тікелей эфирде жауап береді», – деп жазды Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында.
ПІКІР ЖАЗУ