Атырау мұнай өңдеу зауыты маңында тұрғындар жерден 50 метрден асатын майлы дақты байқап қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі HALYQSTAN Telegram арнасына сілтеп.
Лайдан мұнай өнімдерінің иісі шығып, айналаны жайлады. Оқиға орнына жағдайды бағалап, жерге төгілген сұйықтықтан сынама алу үшін Экология департаментінің мамандары барды.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, топырақтың ластану себептері анықталуда.
АНӨЗ баспасөз қызметі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, қаңтардың басында АНӨЗ аумағында төтенше жағдай болды: 33-резервуарлық паркте тауарлық бензин компоненттерін айдау желісіндегі ақаудың салдарынан шамамен 30 тонна мұнай өнімі төгілді.
Бірнеше күн бойы сұйықтық вакууммен сорылып, қайта өңдеу жүйесіне жіберілді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру