Астанада мас күйінде көлік жүргізген әйел жүктімін деп сотты алдады

Астана қаласының прокуратурасы 350-ден астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 43 әйел бар. 

Құқық бұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын басқа да әрекеттер жасайтыны бар.

Мысалы, қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамалмас үшін сотқа жүктілігі туралы анықтама берген, ол жалған болып шықты.

Сот 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Жалған құжат пайдалану фактісі бойынша оған қатысты ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әкімшілік заңнаманың нормаларына сәйкес көлік құралын алкоголь, есірткі және уытқұмар мас күйінде басқару 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға және көлік құралын басқару құқығынан 9 жылға дейін айыруға әкеп соғады.

Фото: Pexels


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!