ШҚО тұрғыны әйелімен қалжыңдасамын деп істі болды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жалған мәлімет үшін сотталды. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Отбасылық жанжалдан кейін ер адам әйеліне сабақ болсын деген оймен ерекше жоспар құрыпты.

«Телефонмен сөйлесу кезінде ерлі-зайыпты жанжалдасып қалған. Сөз барысында әйел көліктің өзінікі екенін, ал күйеуі үнемі көлікті мініп кететінін айтыпты. Сондықтан әйеліне сабақ болсын деген оймен жоспар құрып, көлік ұрлауын қолдан жасапты. Осылайша ағасынан көлікті гаражға кіргізіп қоюды сұраған. Кейін автоның ұрланғанын хабарлады», – делінген хабарламада.

Ер адамға жалған ақпарат таратқаны үшін жаза қарастырылғаны ескертілсе де ол көліктің ұрланғаны туралы өтірік мәлімет берген. Нәтижесінде екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Қазіргі уақытта сотталушы Ұлан ауданының пробация қызметіне тіркеуге алынды. Онымен алдағы уақытта қылмыстық және әкішілік құқық бұзушылық жасамау туралы әңгіме жүргізілді. Сотталушы жазаны өтеу кезінде тәртіп бұзған жоқ. Алдағы уақытта әйелімен осылай қалжыңдаспайды», – деді аға инспектор Шынар Баймұратова.