Қарағандыда «Dara daryn» дәстүрлі өнер кеші өтеді

20 тамыз күні Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Орталық саябағында  «Dara daryn» дәстүрлі өнер кеші өтеді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Кештің мақсаты – қазақтың төл аспабын асқақтату, жас өнерпаздарды қолдау. Ұлттық болмысымызды кеңінен дәріптей отырып, дарынды балалардың өнерін елге танымал ету. Аталған кешке жас жазба ақындар, күйшілер, дәстүрлі әншілер, сондай-ақ жас айтыскер ақындар қатысып өз өнерлерін көрсетеді. Өнерпаздардың өнерін әлеуметтік желілерде кеңінен таратып, жалпы халыққа паш ету.

Жобаның ерекшелігі – қала тұрғындарына тұрақты түрде әр апта сайын рухани кеш тамашалануына жағдай жасау. Яғни айтыс, дәстүрлі ән мен күй, қара өлең жолдарын тыңдап, жан дүниенің азығын алуға таптырмас концерт болмақ.

Аталған жоба арқылы жас таланттар өз өнерлерін шындап, қоғам алдында таныла алады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде мазмұнды қазақ тілді контенттердің көбірек таралуына ықпал етеді. Болашақта еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын тауып, талантты жастардың сахнаға шығуына септігін тигізеді.

Жастарға бірге қолдау көрсетейік!

Өтетін күні – 20 тамыз 2023 жыл

Өтетін уақыты — сағат 17:00-18:00

Ұйымдастырушылар:

Қайдаров Рауан +7 775 905 9392 @rauankaidar

Әбдіраш Балжан+7 775 811 1120 @baljan.abdirash