«Төбемізден оқ атылды»: Жазира Байырбекова өміріне қауіп төнгенін айтты

Танымал әнші Жазира Байырбекова оқыстан оқ атылып, өміріне қауіп төнген сәтті баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Кеше түнде, таңғы 3-4 шамасында Жаркенттен қайтар жолда Шелекке жақын көпірдің астынан көлікпен өте бергенде төбемізден оқ атылды. Көбіне төбесін ашып қоятын едім, қайта дәл сол сәтте жауып қойғанмын. Әйтпесе басыма тиетіні анық. Люк шашылып қалды. Өзіміз аманбыз, шүкір! Қап-қараңғы, ештеңе көре алмадық. Түнде жүрмеуге тырысыңыздар. Кімдер, не үшін, түк түсінбедік», — деп жазды өнер иесі.