Эквадор президенттігіне үміткерді сайлауалды кездесуден соң атып кетті

Эквадорда президент сайлауына түскен Фернандо Вильявисенсионы сайлауалды кездесуден соң атып өлтірген. 

Мәлім болғандай киллер Вильявисенсионың басына үш рет оқ атқан.  Саясаткердің көз жұмғанын оның досы әрі сайлауалды кампания кеңесшісі Карлос Фигероа растады.  Оқиға кешкі 18:20 шамасында болған.

Куәгерлердің сөзінше, қарудан бірнеше рет оқ атылғаны естілген. Бұдан кейін кандидаттың ауыр жарақат алып, жерге құлағанын көріпті. Жедел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның көз жұмғанын айтқан.  Сондай-ақ атыс кезінде кем дегенде 8 адам жарақат алды. Олар да ауруханаға жеткізілді. Ал ұлттық полиция кісі өлтірушіні табу үшін көшелерді жауып тастаған.