«Отбасымызға сабақ…»: Садыр Жапаров жемқорлықпен ұсталған жиені жайлы

Қырғызстан Президенті жиенінің ұсталуына қатысты пікір білдірді.

«Қазір заман басқа. Жемқорлықпен айналыссаң, қамаласың. Мемлекетке келтірілген шығынды екі еселеп өтесең, бостандыққа шығасың. Әйтпесе, түрмеге жабыласың. Мен аралассам, қалғандары да заң бұза бастайды. Қырғыздарда жақсы сөз бар: «Бір жаза мыңдаған адамға сабақ», – деді ол.