Жетісу облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысқан

Жетісу облысында жүк көлігі Жалаңашкөл станциясында жолаушылар пойызымен бірге апатқа ұшырады. Бұл туралы  «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем көліктері мен полицейлер келген. Станцияда Алакөл көліне бара жатқанда, кептеліс туындаған.

«Қазақстан темір жолы» апат кезінде ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

Жағдайды полицейлер түсінеді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.