«FootJas – 2023» футболдан қайырымдылық жарыс өтеді

Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы облыстық «FootJas – 2023» еріктілер және жастар ұйымдары арасында футболдан қайырымдылық жарысын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо. Жарысты тікелей өткізу жастар ұйымдарымен бірлесіп Ақмола облысының «Еріктілерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесіне жүктеледі.

Бұл іс-шараның мақсаты-футбол ойынын насихаттау және барлық жастағы еріктілер мен белсенділер арасында денсаулықты жақсарту. Турнирге қатысуға жарна-командадан 5 000 теңге мөлшерінде. Барлық жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Жарысқа волонтерлік және жастар ұйымдары жіберіледі.

Футбол жарыстарында 1, 2, 3 орын алған командалар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: «Bolashaq Saraiy» Көктем шағынауданы, 9/1

Өткізу уақыты: Басталуы ағымдағы жылдың 28 шілдесі, сағат 10:00, аяқталуы сағат 18:00.