Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар әрдайым жанымызда жүргені анық. Ең бастысы әрине, ол: ата-анамыз бен жақындарымыз. Өмірдегі әрбір құлшынысымыз бен қадамымыздың оңынан болуына осы жақындарымыздың тигізер әсері зор. Осының ішінде адам баласының қалыптасуындағы негізгі рөлді алатын қоғамдық ортадағы тұлғалық бейнені қалыптастыратын – ұстаз есімінің орны ерекше. Жалпы, бесіктен шығып, есіктен аттаған баланың тәрбиелі болмағы негізінен, қоғамның алғашқы сатысы, баланың тұңғыш түсер топтық ортасы – білім ордасына тікелей байланысты. Оның бірі – мектеп табалдырығы болса, екіншісі – оқу ордасы, яғни жоғарғы оқу орны. Қазақта «Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздікі» демекші, ұстаздың ұстанымы берік болғаны, өмір жолындағы бағыт бағдар көрсетуде нақты жол сілтей алуы өте маңызды. Мектеп табалдырығында азамат қажетті білімін алса, оқу ордасында тұлға болып қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Осындай оқу ордасында Сізге жол сілтер, дұрысы мен бұрысын көрсетуші ұстаздарымыздың өз ісінің маманы болғаны, білікті әрі даналығы өте маңызды.

Аталған ұлы есімге лайық жандарымыздың бірі – ортамызда жүрген біздің ұстазымыз филология ғылымдарының докторы, пофессор Раушан Амирдинқызы. Ұстаз деген ұлы ұғымның мағынасын Раушан Амирдинқызыңның әрбір іс-әрекеті мен ісіне деген махаббатынан көре аламыз. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз: «Адам да гүл сияқты, жақсы күтіп-баптап тәрбиелемесе, қурап қалады» демекші, Раушан Амирдинқызы шәкірттеріне деген қамқорлығы, алдындағы тәлімгерлерге деген махаббатының негізінде әрқайсымыздың өсіп-өнуіне үлкен үлес қосып келеді.

Негізінен, зияткер, дарынды ұрпақтарды жетілдіру  мен тәрбиелеуге баса мән беру – бүгінгі білім саласының басты міндеті екендігін түсіне отырып, тереңнен түсіне отырып, әрбір дәрісінде білім алушылардың бойына сіңіру ол тек білімді ғана емес, кәсіби шеберлікті де қажет етеді. Ұстазымыз бойындағы ерекше қабілет пен біліктіліктің арқасында аталған қоғамды қалыптастыруды үлкен үлес қосуда да деп білеміз.

Ұстаздың беделі – қоғамның беделі ұстазын ойламаған ұлттың болашағы бұлыңғыр екені де анық, «Ұстазға баға – ұрпаққа баға» екенін ескерсек, еліміздегі Раушан Амирдинқызы секілді тұлғаларымыз барда біздің болашағымыз жарқын болатына сенемін. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов өз сөзінде: «Халық түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі – бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс» демекші, келешегіміздің жарқын болуына үлесін қосушы ұстаздарымыздың ортамызда көп болуы біздің бақытымыз деп білемін.

Жалпы әр адамның әрқайсының өзіндік бір ерекшелігі бар. Біз, ең алдымен, өз алдымызда жеке дара тұлғамыз, содан кейінгі бізді қоршаған ортадағы адамдардың бізге әсер етуі. Бұл заманда барлығына жақсы болу мүмкін емес екендігі бәрімізге мәлім. Соған қарамастан, әрбір жанындағы адамға жылы лебізбен қарап қана қоймай, айналасына жайлы, қолы ашық, алды кең, пейілі жомарт адам бола білу, ұлылық пен адамгершіліктің жоғарғы екендігін көрсетеді. Жүсіп Баласағұн сөзіндегі «көз − жіті, құлақ − сақ, көңіл − кең болуы керек» ұстанымды игере алуы, үлкен шеберлік пен даналықты қажет етеді. «Жақсының жаны − жаннат» деген сөз тіркесі Раушан Амирдинқызының адамгершілігіне сай көрсетілгенін, ұстазымыздың бойындағы ең асыл қасиет, рухани тәрбие болғандығы істерінен байқалатынын астын сызып айтуға болады. Бұл ұғыммен мейірімділік, кеңпейілділік, жанашырлық деген сөздер ұштасады. Ол өз бойында мейірімділік пен қажет жерде қаталдылықты теңестіре білген жанның бірі екендігі де анық.

Біз үшін, біздің ұжым үшін ерекше қуантарлық нәрсе осындай аға буын, бізге үлгі болып жүрген ұстаздарымыздың еңбектерінің бағалануы мен мемелекет тарапынан ескеріліп, қолдау көрсетілгені айрықша қуантады. Жақында, Алматы қаласына арнайы сапармен келген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2023 жылғы «Үздік қылыми қызметкерлерді марапаттау, ғылым саласындағы сыйлық және мемлекеттік ғылыми степендия иегерлерін салтанатты марапаттау» рәсімінде, аталған сыйлық иегерлерін арнайы құттықтап, марапаттады. Сол қатарда, Филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Авакова Раушангул Амирдиновнаның болуы біз үшін үлкен мақтаныш.

Авакова Раушангул Амирдиновна ҚР ҒжЖБ министрі Саясат Нұрбектің қолынан «Жетекші ғылыми қызметкер» мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері ретінде арнайы куәлігін алды.

Халқымыздың қамын, бүгінгісі мен болашағын ойлап жүрген Раушан Амирдинқызы секілді ғалымдарымыздың жанымызда болуы әрі қоғамға, еліміздің ғылымына адал қызмет етуі біздің бақытымыз, бағымыз. Осындай ұстаздарымыздың қадірін біліп, құрметтеп, сыйлап, барынша жақсы қасиеттерді үйренуге тырысайық, ағайын! Себебі, біздің жақсы болуымыз, ол ортамаыздың, қоғамның, мемлекетіміздің жақсы болуы.

Раушан Амирдинқызы, Сіздің ізденістеріңізге, құлшыныстарыңызға ерекше алғыс айтамыз, Түркітану ғалының дамуына жетістіктеріңіз еселеніп, абыройыңыз арта берсін! Ізбасар шәкірттеріңіз молайсын! Ұстаз – ұлт болашағының айнасы. Сіздей ұстаздарымыздың ұлағаты кемімесін, ұлтымыздың рухы әлсіремесін, ұяты кемімесін, ұлылығы арта берсін! Алар асуларыңыз көп болсын!

Филология факультеті Түркітану және тіл теориясының оқытушысы, Ешметова Б.Б.