Ақмола облысында «Мен — донормын» қайырымдылық акциясы өтті

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ «Мен — донормын» қайырымдылық акциясын өткізді, — деп хабарлайды Оzgeris.info ақпараттық-сараптамалық порталы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайырымдылыққа арналған акцияға Ш. Уәлиханов атындағы университеті мен көпсалалы колледжі, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ-педагогикалық колледжі, Жоғарғы көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжі, Көкшетау жоғары медициналық колледжі, «Арна» колледжі, Біржан сал колледжінің студенттері және «Esirtkisiz Bolashaq» КФ, Көкшетау қаласының «Студенттер Альянсы» КФ белсенділері мен «Феникс» ВО волонтерлері қатысты. Сонымен қатар, аталған акцияға кәмелеттік жасқа толған азаматтар қатыса алды. Жалпы 50-ден аса қатысуға ниет білдірген жас буын өкілдерінің ішінен тек 15-ке жуығы ғана донор бола алды. Айта кету керек, аталмыш акция жыл бойы жалғасын табады» — деп өңірлік «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманы Дидар Хамзин атап өтті.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – адамдарға қан қорын құру қажеттілігі туралы хабарлау және барлық бей-жай қарамайтын адамдарды ерікті негізінде донор болуға шақыру болып табылады.