Құқық саласындағы ұстаздарға арналған біліктілікті арттыру тегін курстар өткізіледі

DAAD-тың қолдауымен Генрих Гейне атындағы Дюссельдорф университеті мен M.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Неміс құқық орталығымен бірлесіп, «Германияда заң білімін ұйымдастыру. Заңды оқиғаларды шешу әдістемесі» атты тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізеді. Тегін курстарға Қазақстанның заң бейініндегі кез келген жоғары оқу орнынан барлық мамандықтың құқық оқытушылары шақырылады.

Іс-шара M.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің базасында 2022 жылғы 29-31 тамыз аралығында офлайн форматта өтеді. Курстан өткен қатысушыларға сертификат беріледі.

Біліктілікті арттыру курсы неміс тілінде өтеді, сондай-ақ орыс тіліне аудармасы қамтамасыз етіледі.

Басқа қаладан келген қатысушыларға жол жүру және тұру құны өтелетін болады.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша 21 тамызға дейін тіркелу қажет: https://forms.gle/UxvF2igxYp5vaywv5

Орындар саны шектеулі!

Сұрақтар туындаған жағдайда o_koterlin@kazguu.kz мына электрондық поштаға жазыңыз.