Елдің бүкіл бюджетінің төрттен бірі мемлекеттің қарызын өтеуге кетуде

Қазақстанның сыртқы борышы тарихи рекордқа – 50 триллион теңгеге жетпек.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының аналитикалық орталығы 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысын шығарып, республиканың жиынтықты бюджетіне шолуын жариялады. Қаржыгерлер қалыптасқан жағдайды талдай келе, тіксінтетін көптеген жайтты әшкереледі.