Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге көмек көрсетіп жүрген «Дала қырандары»

«Біздің мақсатымз Instagram желісінде подписчик жинау емес, ақшаға мұқтаждық емес, біздің шын ниетіміз азаматтарды өз қатарымызға қосып, бірлесіп су тасқыны болып жатқан өңірлерге көмектесу ғана.»-деп «Дала қырандары» ұйымының үйлестірушісі Нұрхат Ораш бөлісті.

Бүгін Qasqa Jol YouTube арнасында «Дала қырандары» мен сұхбат шықты. Бұл сұхбатта «Дала қырандары» жастар қоғамдық ұйымы өздерінің нақты мақсаттары өз қатарларына жаңа азаматтар қосу мен су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге барып өз көмектерін көрсету екендігін айтты. Олар қатарларына еріктілерді Астана қаласындағы Гейдар Алиев көшесіндегі штабында қабылдайтындығынмен бөлісті. Қабылдау барысында олар әртүрлі қауіпті жағдайлар кезінде еріктілер өздерін қалай ұстаулары екендігін үйретеді.

Жақында бір топ болып Орал қаласына аттанатындарын сөйледі. Және де гуманитарлық көмек ретінде  үрмелі қайықтар, жарығы алысқа жететін шамдар, құтқару кеудешелерін, резеңке етіктерді қабылдайтындар айтады. Аталған заттарды өздерінің штабтарында қабылдайтындарын айтты.

Толық сұхбатты астыдағы сілтемеден өтіп YouTube арнасындан қарай аласыздар: