Танымал сырғанаушы Димаш Құдайбергеннің әніне өнер көрсетті

Танымал ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Евгения Медведева қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әніне өнер көрсетті, — деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Санкт-Петербургте «Мұз дәуірі» атты ауқымды қойылым өтті. Шоуға Камила Валиева, Евгения Медведева, Елизавета Туктамышева, Марк Кондратюк және басқа да танымал ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.

Әлем және Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Евгения Медведева көрерменге Димаш Құдайбергеннің әніне жаңа көрсетілім нөмірін ұсынды.

Ozgeris.info порталы