Белгісіз біреу Ақтау теңіз портын «миналаған»

Фото: portaktau.kz

Ақтау теңіз портын белгісіз біреу «миналаған». Оқиға теңіз порты мен көліктегі полиция бөлімінде расталды, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.

Полицейлердің мәліметінше, бұл дерек 18 наурыз күні Маңғыстау стансасындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша тіркелген.

Бұл баптың санкциясы 5000(бес мың)айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

“Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Басқа мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін жариялануға болмайды”,-деп хабарлады департамент.

Қазір Ақтау теңіз сауда порты нысанның қалыпты жұмыс істеп тұр.

ozgeris.info” порталы