Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Қала тұрғындары мен қонақтары келесі қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тиіс:

5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте;
— COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдар;
— коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (дене қызуының көтерілуі , жөтел, түшкіру) бар адамдар медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кию міндетті»,– делінген қаулыда.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру жалғасатынын мәлімдеді.

«Эпидемиологиялық бағалау матрицасының «жасыл» және «сары» аймақтарында орналасқан кезде осы қаулының 3.1-тармағында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін»,– делінген хабарламада.

Қаулы мәтінімен толық танысу үшін мына сілтемені басыңыз.