Дәулет Қайырбек “Amanat” партиясының хатшысы болып тағайындалды

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды ozgeris.info порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Қайырбек Дәулет Жамаубайұлы Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Ол — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD докторы.

2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылы Jas Otan партиясын басқарды және президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

Сондай-ақ, «Нұрсұлтан әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол — Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.