Украина әскері Чугуев қаласын қайтарды

Украина әскері Харьков облысындағы Чугуев қаласын қайтарды, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Қорғаныс күштері тобы оңтүстік, шығыс және солтүстік бағыттарында қорғаныс операциясын жүргізуді жалғастыруда. Соғыс қимылдарын жүргізу барысында Чугуев қаласы азат етілді. Басқыншылардың жеке құрамы мен техникасы үлкен шығынға ұшырады»,– деп хабарлады Бас штаб.