Сирия Ресейді қолдайтынын мәлімдеді

6 наурызда Скалбия қаласында (Сирия) Украинадағы арнайы операцияға қатысып жатқан ресейлік әскерилерді қолдауға арналған автошеру өтті. Бұл туралы қалалық милиция командирі Набиль Әл-Абдалла мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Ресей армиясының туған қаламызды содырлардан азат етуге көмектескені – біз үшін мәңгілік үлгі. Әрине, біз Ресейдің Украинадағы операциясын толығымен қолдаймыз және көліктерімізге Z әрпін қою арқылы оң ниетімізді көрсетуді шештік»,– деді ол.