Ресейге «ең жақын досы» көмектесе ме? Қытай бұл соғыста қай елге жақтасады

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Владимир Путинді «ең жақын досым» деп атағанымен, БҰҰ Украинаға басып кіруді айыптайтын қарарға дауыс берерде Ресейді қолдамады. Бірақ Қытай елі бұл басқыншылыққа қарсы емес.

Қытай қазір қандай мүддені көздеп отыр? Ресей Пекинмен жақындасу арқылы Батыстың қатаң санкцияларынан өз позициясын жақсарта ала ма?  Саясаттанушылар мен экономистердің пікіріне шолу жасайық.

Барлығы БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Украинаға әскери араласуын айыптайтын қарарды қолдап дауыс берді. Құжатта Мәскеудің соғыс қимылдарын дереу тоқтату талабы болған. Алайда Қытай бұдан қалыс қалды.

«Қытай қарсылық білдірмеді. Бұл Ресейдің ұстанымын нақты қолдау деп бағаланады.  Қытай үнсіз. Менің ойымша, олар қысқа мерзімде барлығын таразылауда», — дейді синолог Леонид Ковачич.

Шенеуніктердің ұстамды жауабына қарамастан, қытайлық әлеуметтік желілер Владимир Путинді қолдады. Қытайлықтар өз сөзінде: “бұл «арнайы операция»  — Батысқа қарсы күрес”,-деді.

Путиннің сөзіне аударма жасаған бейнежазба интернетте тарап, Weibo әлеуметтік желісінде (Twitter-дің қытайша баламасы) #putin10000wordsspeechfulltext  хэштегімен 24 сағаттың ішінде миллиардтан астам қаралым жинап үлгерді. Батыс әлемі Украинаға басып кіруді айыптаса, қытайлық интернет қолданушылар Путинді және әскери әрекетті қолдады.

Қытай үкіметі өзін сақтықпен ұстауда. Сондай-ақ, болып жатқанды  «басқыншылық» деп атаудан және оны айыптаудан бас тартты. Бірақ Пекин Мәскеудің әрекетін мақұлдауға асықпайды.

Ресей әскерлері Украина аумағына соққы бере бастаған күні Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин күнделікті брифингінің көп бөлігін АҚШ-ты сынап, Вашингтонды «идеологияға негізделген қарама-қайшылық пен алауыздық тудыру үшін блок саясатын ұстанып отыр» деп айыптады. Сонымен қатар, ол Қытай мен Ресей «халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтай отырып, жауапкершілікпен әрекет етеді» деп қостады.

Қытай Ресейдің «арнайы операциясын» басқыншылық деп санай ма деген сұраққа Хуа Чуньин тікелей жауап бермеді.

“Қытай, бір жағынан, Ресеймен стратегиялық серіктестікті сақтауға, тіпті кеңейтуге ұмтылады. Бірақ қазір олар Мәскеуге тым жақындамайды. Өйткені, Пекинге қарсы санкциялар салу қаупі бар”, — деді сарапшы Брэдли Джардин ВВС-ге берген сұхбатында.

“ozgeris.info” порталы