Қазақстан азаматтарының жалақы кестесі жарияланды

Қазақстанда 26,8 мың адам айына 3 миллионнан астам ақша алса, олардан 157,9 миллиард теңге салық түседі. Ал өткен жылы 2 миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы 50 мыңға дейін болса, олар бюджетке небәрі 7,2 миллиард теңге салық түсірген.

Осы кестеге қарап, көлеңкелі экономиканың нақты көлемін елестету қиын емес! Онда халықтың 40 пайызына дейін жұмыс істейтін көрінеді.