Геннадий Головкин келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Головкин
Фото: ҰОК

Белгілі боксшы, қазір Ұллық Олимпиада комитетін басқарып отырған Геннадий Головкин рингке оралуы мүмкін жоққа шығармай отыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол ақпанда  Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) жаңа президенті болған тағайындалған еді.

«Мен ешқашан мансабымды аяқтаймын деген мәлімдеме жариялаған емеспін. Мәлімдеме жасау менің мінезіме сай емес. Сондықтан оны уақыт көрсетеді. Қазір менің міндетім бар, мен өз ісімді жақсы көремін. Сонымен қатар, мен үшін өмір-бұл қозғалыс. Егер маған ұсыныс түсіп, ол өзгерістің жақсы тәсілі екенін көрсем, мен бұл сынақты қабылдауым мүмкін. Сондықтан менімен тағы бір жекпе-жекке куә болуыңыз мүмкін», — деді ол BoxingScene-ге берген сұхбатында.

Геннадий Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегіндегі жекпе-жекте мексикалық Сауль Канело Альварестен жеңіліп қалған болатын.