Қазақстанда доллар бағамы күрт қымбаттап кетті: Ақша айырбастау орындарында валюта бағасы қандай?

доллар
Фото: depositphotos.com

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,82 теңгеге көтеріліп, 471,46 теңгені құрады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы долларға 465,52 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 469,93 теңгені, сатылымы 472,96 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,98 теңгеден сатып алынып, 473,02 теңгеден сатылуда.