Бельгиялық Жәнібектің тағдыры: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Жәнібек
Видеодан скриншот

Бельгиядан анасын іздеп келген қазақ Жәнібек Савельевтің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, нақты Жәнібектің оқиғасы сияқы істер ІІМ-де жоқ.

«Жәнібек Савельевтің асыралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қай уақытта, қай себеппен шетелге шыққаны анықталып жатыр. Әке-шешесі іздестіріліп жатыр», — дейді Қожаев.

Айта кетейік, Жәнібек Савельев күні кеше асырап алған анасы ауыр дертке шалдыққанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұраған еді.