Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарындасы үшін кешірім сұрады

Садыр Жапаров
Фото: bulak.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарындасы үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде оның қарындасы Таззат Нуркожаеваға сүйіктісі сөз салған видео тараған еді. Видеодан ғашықтардың ТЖМ тікұшағымен келгенін көруге болады.

Қырғызстандықтар ел президентінің қарындасының бұл әрекетіне наразылық білдірген.

«Расында ел билігінің туыстары өзгелерге үлгі бола білуі керек. Ысырапшылдықты қою керегін бірнеше рет айтқан болатынмын. Болашақ күйеубаламыз бұл ойды қолдауы керегі еді», — деді Садыр Жапаров «Кабарға» берген сұхбатында.