Роза Бағланованың 100 жылдығы Парижде тойланады

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан КСРО және Қазақстанның халық артисі, халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығы еліміздің әр өңірінде, сондай-ақ Парижде де атап өтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды «ozgeris.info».

«Ұлттық ән өнерімізді күллі әлемге мәшһүр еткен ұлы әнші, «Халық қаһарманы» Роза Бағланова апамызға — 100 жыл! Кеше Елордамыздағы «Қазақстан» концерт залында отандық және шетел эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттің беташар сөзінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мырза ЮНЕСКО деңгейінде тойланатын тұлғалар тізіміне енген даңқты әншінің ғасырлық тойы ресми түрде басталғанын айрықша атап өтті.

Алдағы уақытта еліміздің әр өңірінде, Парижде, бесігін тербеген Сыр бойында ірі шаралар өтетінін жеткізді», — деп жазды Жанарбек Әшімжан.

«ozgeris.info».