«Бүгін нүктесін қояйық»: Балжан Бидаш ажырасқаннан кейін өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді

Балжан Бидаш
Фото: instagram/bidash_official

Белгілі әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында актер Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейін өзіне қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, ол ажырасуға қатысты сұрақтардан шаршап кеткен.

«Достар, шыны керек осы сұрақтардан шаршап кеттім. Бүгін нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда «ажырасып кетемін» деп ойламайды. «Соңына дейін сол жанмен бірге бақытты боламын» деп ойлайды. Тағдыр емес. Қарым-қатынасымыз тоқтау керек уакытында тоқтады. Ажырасу кімге болсын оңайға соқпайды. Депрессияда болғанда көзің көрмей қалады ғой. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да моральды тұрғыда оңай болған жоқ. Психолог жағаламадым. Тек депрессияда жүріп, уақыт өткізіп алмас үшін болашағыма жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолға алдым. Табыс табуға кірістім. Аяқтан тұру үшін кәсіп тренингтерге бардым. Сол кезде бір кәсіп-жаттықтырушы ақыл-кеңестерімен алға жылжуға шабыттандырған болатын. Ол кісі оқиды ма жоқ па білмеймін, сол кісіге алғыс айтқым келеді… Осындай кезде жақындардың, жаныңда дұрыс кеңес беретін, жол көрсететін, қолдау көрсететін адамдар болуы маңызды өз қалпыңа келгенше», – деп жазды ол.