Алматы облысында жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты

«Алматы-Шелек-Қорғас» тас жолының 105-ші шақырымында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды ozgeris.info

Алматы облысы жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленовтың айтуынша, Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, «көліктің аударылып кетуіне жол берген». Нәтижесінде төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

Қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Алматы-Өскемен тас жолының 55-ші шақырымында жол апаты салдарынан бес адам қаза тапқан болатын.