Жамбыл облысында жүк көлігі жанып кетті

Өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Жуалы ауданында республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент автожолының 522 шақырымында жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Алматы облысының Бесқайнар ауылында шағын автобус өртеніп кеткен болатын. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.