Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Orbis Kazakhstan компаниялар тобының негізін қалаушы Фаррух Махмудовты қабылдады

Фаррух Махмудов:

✔️ Orbis Kazakhstan компаниясы жұмысының нәтижелері мен даму перспективалары туралы мәлімет берді:
— Алматы индустриялық паркінде толық циклді автомобиль зауытын салу жоспары туралы баяндады. Жоба аясында ҚХР-дың Exeed және Kaiyi сияқты брендтері бір өндіріс алаңында бірігеді. Қытайлық серіктестермен көлікті ұсақ бөлшектерден құрастыру туралы толыққанды келісім жасалды. Жалпы инвестиция көлемі 72 миллиард теңге. Бастапқы кезеңде 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 80 мың автомобиль шығаруға жетеді. Өнім ішкі және сыртқы нарықта сатылады, оның ішінде Орталық Азия мен Кавказ аймағы елдеріне экспортталады;
✔️ компанияның Астана қаласындағы инфрақұрылымдарды дамыту ісіне қатысуы туралы мәлімет берді:
— биыл кәсіпорын сауда-базар кешенін салып бітіруді және көпбейінді медициналық клиника құрылысын бастауды, сондай-ақ Agro Park көтерме сауда және тауар тарату орталығының құрылысына кірісуді жоспарлап отыр;
✔️ компаниялар тобы Алматының туризм кластерін дамытуға қатысты бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатқаны туралы айтты:
— «Almaty» қонақ үйінің тарихи ғимараты болып саналатын оңтүстік астананың символы. «Просвещенец» рекреациялық орталығы мен Қонаев қаласындағы көпфункционалды демалыс орталығының құрылысы жүріп жатыр;
✔️ компанияның Батыс Қазақстан облысындағы Ақсу және Кеңтүбек елді мекендерінде су тасқыны салдарын жоюға қосқан үлесі туралы баяндады. Фаррух Махмудов Президентке алғыс айтты.

▪️ Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның бастамаларын оң бағалап, жаңа жобаларды жүзеге асыруға табыс тіледі.