Қазақстанда доллар өсуде

доллар
Сурет: Турар Казангапов

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың орташа алынған бағамы 0,92 теңгеге көтеріліп, 448,01 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің ресми бағамы 3 маусымға бір доллар үшін 447,08 теңгені құрады.

kurs.kz мәліметінше, қазіргі таңда Алматыдағы айырбастау орындарында доллар сатып алудың орташа бағамы 448,72 теңге, сату — 449,97 теңге. Астана айырбастағыштарында американдық валютаны орташа есеппен 444,99 теңгеден сатып алып, 449,98 теңгеден сатады.

Естеріңізге сала кетейік, 3 маусымда KASE күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,17 теңгеге төмендеп, 447,08 теңгені құрады.