ҚазҰУ ғимаратқа техниқалық қызмет көрсету қызметтеріне 1,1 млрд теңге жұмсамақ

ҚазҰУ
Фото: 2gis.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғимаратқа техниқалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге 1,1 млрд теңге жұмсамақ.

«Тапсырыс беруші – «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ; атауы — ғимарат /үймарат/құрылым мен жапсарлас аумақтарға күтім жасау қызметі; қосымша сипаттамасы — ғимаратқа техниқалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; саны — бір; өлшем бірлік — бір қызмет; жоспарлы сома — Т1 132 675 808», — деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 23 мамырда басталған, 7 маусымда аяқталады деп жоспарланған.