Путин Токаевпен телефон арқылы сөйлесті

Сауда-экономикалық, энергетикалық және көлік-логистикалық салалардағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі. Кейбір халықаралық тақырыптар, соның ішінде Астанада ағымдағы жылдың шілдесіне жоспарланған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық аясында қозғалды.

Сондай-ақ, Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік көшбасшылармен жақында болған байланыстарының қорытындысы бойынша өз бағаларымен алмасты.

Ресей-Қазақстан стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарын жан-жақты нығайту ниеті расталды.