Құрбан айттың уақыты өзгерді: қазақстандықтар дүйсенбі демалмайтын болды

Намаз
Фото: Ibraheem Abu Mustafa / Reuters

Қазақстанда демалыс күнін Құрбан айтқа ауыстыру болмайды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«2024 жылға арналған мереке және демалыс күндерінің күнтізбесі жасалғанда ҚМДБ бізге Құрбан айттың 17 маусымда болатынын ресми түрде хабарлады. Бұл жұмыс күні болғандықтан, демалыс күні деп жоспарланған болатын. Қазір ҚМДБ Құрбан айт 16 маусымға түседі деп мәлімдеді. Демалыс күндеріне түсетін діни мерекелерді кейінге қалдыруға болмайды. Сондықтан ауыстыру болмайды, себебі бұл демалыс күні «, — деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы .

Бастапқыда eGov порталында мерекелік күндер күнтізбесінде Құрбан айт — 17 маусым деп тұрған болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында хабарланғандай, 7 маусымда хиджр бойынша зуль-хиджа айы басталды.

«Яғни, биыл Араф күні 15 маусымға тура келеді. 16 маусым — Құрбан айт мерекесінің бірінші күні «, — дейді ҚМДБ.